Мекеме қызметінің мәні және мақсаты:
Мектептің негізгі мақсаты жас ұрпақтың эстетикалық білім алуы, тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік музыка өнерімен таныстыру, мәдениет деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білім беру мен мәдени қажеттіліктерін жан – жақты қанағаттандыру болып табылады.-балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайту бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;- балаларды қоғам өміріне бейімдеу;- өскелең ұрпақтың сана – сезімін, жалпы мәдениетін, слауатты өмір салтын қалыптастыру
Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
-музыка өнерінің түрін үйренуге қажетті теоретикалық білім мен практикалық білімді беретін бастапқы музыкалық білімін беру;- жаңа әдістемелік әзірлеулер мен бағдарламаларды пайдалану кезінде оқыту сапасын әрдайым жетілдіру;